Шәкәрім университетінің баспасөз қызметішәкәрім университеті

«...ҒЫЛЫМҒА КӨҢІЛ БӨЛСЕҢІЗ»

Shakarim University-де 90 жылдық мерейтой аясындағы іс-шаралар әлі де жалғасуда. Бүгін Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінде «Табысты тұлғаның  дәрісі» айдарымен  кезекті ашық дәріс өтті. Дәріске Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің білім алушылары  мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

       

Дәрісті «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Басқарма  төрағасы, биология ғылымдарының докторы , PhD, радиациялық қауіпсіздік саласының маманы Жанат Абылқанұлы Байғазинов жүргізді.

 

Ол  Қазақстандағы ғылыми қызметкердің мәртебесі, ғылыми қызметпен айналысу мүмкіндіктері  турасында дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Дәріс  барысында Жанат Абылқанұлы жастарды  ғылыми ортаның ерекшелігі, ғылыми жобалар грантын ұтып алудың жолдары, зерттеушілердің мобильділігін арттыруға және олардың қызметкерлік дамуын қолдауға көмектесетін EURAXESS,  ResearchGate  сынды порталдармен  жұмыс істеу,  одан зерттеу  салалары, қолжетімді зертханалар мен қаржылық қосымшалар туралы ақпарат алу  мүмкіндіктері жайлы хабардар етіп, білім алушыларға кәсіби дамуға бағытталған кеңестер берді.  

 

«Жастардың ғылыммен айналысуға деген құлшынысы жақсы, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар да өз нәтижесін беріп жатыр.

Бүгінгі дәріске қатысушы студенттердің көбінің магистратураны Қазақстанда оқимын деуі – жақсы көрсеткіш. Қазіргі жастардың көзқарасы  басқаша сияқты. Біздің кезімізде шетелдік білімге басымдық берген болсақ, қазір жастардың өз елімізде оқып, білімдерін шыңдағылары келетіндері қуантады» -дейді Жанат Байғазинов.