Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 сәуір 2022лекция, неделя науки

«БАЙҒАРА ОН ЖЕТІ АҚЫН СЕНЕН ШЫҚТЫ» ДӘРІСІ

Шәкәрім университетінде Ғылым апталығы аясында «Абай және ұлттық руханият» ҒЗО-ның жетекшісі, профессор Арап Еспенбетов «Байғара он жеті ақын сенен шықты» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске Филология факультетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Профессор өз сөзінде қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Байғара, Ақтайлақ билердің әдеби мұрасы мен өмір тарихы жөнінде тың ақпараттармен бөлісіп, аталған тақырыпты зерттеудің өзектілігіне тоқталды.
«Сыбан ішінде Жанкөбектің бір баласы нар дауысты Нарынбай «Жеті қақпа Ташкеннің» бір қақпасына бек болған. Нарынбайдан Құттыбай. Ел арасында «Қу дауысты Құттыбай» атанған әйгілі ділмар, шешен. Құттыбайдан атақты Байқара би. Тұқымдарынан бектік, билік, шешендік, ақындық арылмаған қасиетті әулет»,- деді Арап Слямұлы.
Дәріс соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кафедра оқытушылары пікірлерін айтты.