Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 қазан 2023белсенді жастар, активисты, ректормен кездесу

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСТІ

Шәкәрім университетінде белсенді жастар университет ректоры Думан Орынбековпен еркін форматта кездесуі өткізді. Кездесуге факультеттердің кіші декандары, «Студенттік Парламент», «Аrt union», «Қазақстан Студенттер Альянсы», «Жастар Рухы» және «Шәкәрім Шуағы» ұйымдары қатысты.

 

Кездесу барысында университет белсенділері студенттік ұйымдардың мақсат-міндеттерімен және жаңа жобаларымен бөлісті.

 

Еркін форматта ұйымдастырылған бас қосуда студенттер тарапынан ой-пікірлер айтылып, көптеген ұсыныстар жеткізілді. Атап айтқанда,  корпустардағы коворкинг орталығын және кітап бұрышын ашу, жоғары оқу орындар арасында волейбол спорт ойындарынан «Шәкәрім кубогын» ойнату, кітап оқу челленджін ұйымдастыру және т.б. ұсыныс-пікірлер айтылды.

 

Қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берген университет басшысы айтылған ұсыныстар назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

 

Кездесу соңында университет ректоры Думан Рымғалиұлы студенттерге осындай мазмұнды кездесу үшін ризашылық танытып, оқуларына сәттілік тіледі. Ашық диалогқа әрқашан дайын екенін айтты.