Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 желтоқсан 2023ғылым, ғылыми әлеует, ынытмақтастық

Білім үрдісіне "Бірыңғай денсаулық" қағидаларын енгізу

Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының аграрлық университеттерінің Ветеринария білім беру бағдарламасының оқу үдерісіне Бірыңғай денсаулық сақтау қағидасын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (BO3) – Скендер Сыла, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Қайыржан Байжанов, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы, Орталық Азиядағы жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының субаймақтық кеңсесінің басшысы- Мереке Тайтубаев және Дүние жүзіндегі жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының аймақтық кеңсе өкілі Дмитрий Морозов мырза қатысты.
Аталған шараға Шәкәрім университетінің Ветеринария кафедрасының меңгерушісі А.Ахметжанова., кафедраның аға оқытушысы С.Тусупов, Ғылым департаментінің директоры Ш.Сулейменов қатысып қайтты.
Шараның негізгі мақсаты - ветеринария саласындағы адам мен жануарларға ортақ ауруларды және ауылшаруашылық жануарларынан алынатын тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқу үрдісіне "Бірыңғай денсаулық" қағидаларын енгізу.
Айта кету керек, адамзаттың денсаулығы қоршаған ортаның саулығына, әсіресе жан-жануар әлемінің саулығына тікелей тәуелді. Аталған дөңгелек үстелде талқыланған мәселелер зооноздық аурулар, тамақ және биоқауіпсіздік шаралары арқылы бірыңғай денсаулық қағидаларының маңыздылығын ашып көрсетті.