Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 қыркүйек 2022білім алушылар, экспресс-диагностика, психология

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ БЕЙІМДЕЛУІНЕ ЭКСПРЕСС-ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЫҚПАЛЫ

1-курс студенттері оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда көп жағдайда айналасындағы адамдармен байланыс орнатуда, іскерлік қасиеттердің дамуын түсінуде қиындықтарға тап болады.
Бұл мәселелер болашақта студенттің кәсіби қызметіне байланысты сұрақтарды тудыруы мүмкін. Университеттің психологиялық денсаулық жағдайын мониторингілеу және бейімделу ерекшеліктерін анықтау үшін Психологиялық қызмет орталығының жетекшісі Шолпан Сатиева бірінші курс студенттерінің бейімделу деңгейіне экспресс-диагностика жүргізді.
«Кешегі мектеп оқушысының студенттік өмірге «енуі» мәселе міндеттерінің өзектілігін анықтап береді. Бірінші курс студенттерінің студенттік өмірге тез бейімделу үрдісі олардың өмір сүру үрдісінде жаңа кезең болып саналады. Оқу кезеңінің алғашқы баспалдағында олардың оқу іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктері мен өзгерістерін, психологиялық жағдайын зерттеуді қажет етеді. Бірақ, бірінші курстағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру ісі оқу орны жағдайына орай студенттің бейімделуіне бағытталған»,- дейді Шолпан Серікбосынқызы.