Шәкәрім университетінің баспасөз қызметітарих

Болашаққа бүгіннен қамдан...

Шәкәрім университетінің «Тарих» кафедрасы бакалавриат 6В01601-Тарих, магистратура 7М01601-Тарих, докторантура 8D01601-Тарих деңгейлері бойынша мамандарды үш сатылы білім алуды ұсынып, тарихи, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, сараптамалық-талдау және ұйымдастыру-басқару қызметін іске асыруды қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлау миссиясын тұрақты түрде орындауда.

         Білім беру бағдарламасы сапалы жүруі үшін әлеуметтік және техникалық жағдайлар жасалған. Тәжірибе алмасу үшін дәріс оқуға отандық және шетелдік ғалымдарды шақыру, білім және ғылым саласындағы алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен ғылыми кеңес беру шарттары жасалған.   Білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр деңгейінде оқу мерзімі 4 жыл, магистратурада 2 жыл және докторантурада 3 жыл.

         Оқу процессінде міндетті, арнайы оқытылатын курстар бар. Сонымен қатар, студенттер өз ыңғайына қарай қажетті курстарды да таңдап, білім ала алады. Оқу процессінен үздіксіз тәжірибеден өтіп, болашақтағы жұмыс барысына нақты дайындық жүргізіледі. Бұл дегеніміз бүгінгі студент алдағы білікті маман ретінде ішкі жағдайларды түсініп, туындаған мәселелерді шешуге бейімделеді. Университет қабырғасынан бөлек, студенттер түрлі археологиялық экспедицияларға барып, республикалық, халықаралық конференциялар мен байқауларға, түрлі семинар, тренингтерге қатысады. Студент білім алуда өзінің бойында академиялық біліммен қатар, өмірге қажетті барлық дағдыларды дамытып, қалыптастыра алады.

         Оқуды аяқтағаннан кейін сіз келесі этап магистратура, докторантураға түсіп жалғастыра аласыз немесе білім беру саласында (мектеп, арнайы білім беру), ғылыми зерттеу орталықтарында, мұражайлар мен архивтерде қызмет атқара аласыз.

Әлеуметтік-демографиялық статистикаларға сүйенсек білім беру саласында мамандар жетіспеуі, сонымен қатар, жаңа мектептер мен арнайы білім беретін мекемелер көптеп ашылады және қаржылық төленім көрсеткіштері де жылдан жылға өсіп отыр. Яғни, біздің студенттер болашақта жұмыспен қамтылуы, жоғары деңгейде еңбек төленімін алуына сенімдіміз!

Тез, әрі арнайы жүйеге негізделмей өзгеріп келе жатқан қоғамда еңбек нарығы да мамандардан көп дүниені талап етеді. Ол маманның кез келген жағдайға дайын болуы, кризистік жағдайлардан шығу дағдылары, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу немесе екі мамандықты бірге алып жүру дағдылары және тағы да басқа мүмкіндіктер жиыны. Аталған заманға сай дағдыларды қалыптастыруда кафедра мамандары жоғары деңгейде жұмыс жасауда. Тарих кафедрасы сапалы білім беру мен жұмысқа орналасу бағытында кепілдік беріп, өз қатарына қосылуға шақырады!