Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі28 сәуір 2023сыбайлас жемқорлыққа қарсы, интеллектуалды ойын, сайыс, брейн-ринг

БРЕЙН-РИНГ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Шәкәрім университетінде алғаш рет ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» брейн-ринг интеллектуалды сайысы өтті. Ойынның әділдігін қазылар алқасы бастаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Тоқбергенов Рүстем, Инфрақұрылымды басқару департаментінің директоры Борамбаев Гафур, Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының басшысы Газизова Назигүл, заңгер Шакенов Жанатбек, Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Превенция басқармасының аға офицерінің м. а. Байтабанов Мадияр бағалады.
Сайыс Қазақстан Республикасында іске асырылатын мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау арқылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойында «Адал бол, адам бол», «Honestus», «Эверест», «Антикор», «Эрудированные» командалары өзара мықтыны анықтады.
Сайысқа әр факультеттен 1 команда қатысты. Әр командада қатысушылардың саны 7 адам болуы тиіс. Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1 кезең Команданы таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады. Таныстыру еркін форматта өткізіледі. Команда атрибутикасы болуы тиіс (бірдей киім, галстук, шарф және т.б.)
2 кезең «Академиялық адалдық» тақырыбында видеоролик сайысы. Бағалау крийтерийлері: тақырыптың өзектілігін көрсету, тақырыптың толық ашылуы, видеороликтің сапасы. Видеороликтің ұзақтығы 2 минуттан аспауы керек.
3 кезең «Терминдер сөйлейді» кезеңі. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты терминдер қойылады. Терминдер әр командаға жеке қойылады, жауап бере алмаған команданың терминіне бірінші болып қолын көтерген команда жауап береді.
4 кезең Блиц сұрақтары. Экраннан сұрақтар қойылады, жауапты қағазға жазып өткізеді. Аталмыш кезеңде командалардың тапқырлығы мен жылдамдығы сыналады.
Бүгінгі ойын нәтижесі төмендегідей:
  • 1 орын – "Эрудированные" ФФ;
  • 2 орын – "Эверест" ГЭФ;
  • 3 орын – "Адал бол, адам бол" ИТФ.
Қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!