Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 қазан 2022меморандум, футбол алаңы

ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Республика күні қарсаңында Шәкәрім университетінде шағын футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті. Шараға университет басшылығы, «Елім-ай» футбол клубының атқарушы директоры, "Абай ақпарат" ЖШС, спорт ардагерлері мен студенттер қатысты.
Лента қию рәсімін университет спартакиадасының ардагері М.Мырзаканов, халықаралық санаттағы судья, ҚР Премьер-лигасының инспекторы В.Заякин жүргізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» деген болатын.
Спорт алаңын ашудағы басты мақсат – білім алушы жастарды салауатты өмір салтына баулу.
Басқарма төрағасы — Ректор Бауыржан Ердембеков алаңның ашылуы салауатты өмір салтын қалыптастыруға қызмет ететінін, ал студенттер енді жақсы жағдайда спортпен шұғылдана алатынын атап өтті.
— Біз жастарымыздың спортпен белсенді түрде айналысуы үшін осы алаңды аштық. Бір кездері спорт залы да, ойын алаңы да болған жоқ. Енді мұнда ірі турнирлер мен жарыстар өтеді. Үйірмелер мен секциялар бар. Біздің студенттер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған, - деді ректор.
Игілікті шара барысында #ShakarimUniversity мен "Елім-Ай"ФК өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Өз сөзінде университет басшысы Бауыржан Ердембеков Қазақстан футболының ажырамас бір бөлігі болып отырған Семей қаласында 1913 жылы ерлер гимназиясы мен семинариясында алғашқы футбол командалары құрылғандығын атап өтті.
Алаңның салтанатты ашылуы шағын футболдан жолдастық кездесу ойынымен жалғасын тапты.