Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 сәуір 2022неделя науки

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ: "START UP SHAKARIM - 2022" ФИНАЛ

Шәкәрім университетінің негізгі мақсаттарының бірі сапалы маман даярлаумен қатар, университет қабырғасында жас кәсіпкерлерді тәрбиелеу. Осы ретте, бүгін Шәкәрім шаңырағында Ғылым апталығы аясында стартап-жобалар байқауының финалы өтті.
Биыл «Start Up Shakarim - 2022» байқауына 92 өтінім берілді. Сараптамалық комиссия экология, робототехника, баламалы қуат көздері, жасыл энергетика, өнеркәсіп, IT, биотехнология салаларындағы 14 үздік жобаны таңдап алды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.
Аталмыш шараға университет басшылары мен студенттерінен бөлек, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Семей қалалық филиалының директоры қатысты. Жоба авторлары конкурстық комиссия алдында TEDx форматында өз жұмыстарын таныстырды. Жастар мобильді қосымшадан бастап ауыр өнеркәсіп саласына арналған инновациялық құрылғыларды ұсынып отыр.
Шараны алғы сөзімен ашқан Басқарма мүшесі - Ғылым және инновация жөніндегі проректор Ж.Молдабаева университет студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын үйрету және жүзеге асыру үшін семинар-тренингтер өткізгендігін айтып, жас стартапшыларға жетістіктер мен сәттілік тіледі.
Байқау қорытындысы ертең белгілі болады.
Қа­зір­гі білім беру жүйесінің маңызды бағдары – ғылыми ізденушілік инновацияға бет бұру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін университет аясын­да озық ғылыми-зерттеу жұмыстарының үздіксіз жүзеге асып жатуы шарт. Осы тұрғыдан алғанда Start-up жобалары білім алушыларға зор мүмкіндіктер ұсынары сөзсіз.