2022 жылдың 12 сәуірінде Шәкәрім шаңырағында Ғылым апталығы шеңберінде «Мектеп – Колледж – Университет» үштігінің арасында ынтымақтастықты нығайту және ғылымды интеграциялау мақсатында серіктес ғылыми-зерттеу институттарының факультеттермен бірлескен көрмесі, университет стартап жобаларының, сондай-ақ қала мектептері мен колледждерінің ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге қатысушылар өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, көрерменге таныстыру жұмыстарын жүзеге асырды. Әсіресе, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының жас ізденушілері 3-сынып оқушылары Руслан Салауат пен Серіков Айсұлтан «Семейдегі тарихи-мәдени орындардың тіристік маршруттық картасын сызу» атты зерттеу жұмыстарын ғалымдардың алдында паш етіп, ғылымға деген қызығушылықтарын танытты.
Игі шарада өздерінің үлестерін қосып, белсене қатысқан төмендегі әріптестерімізге ерекше алғысымызды білдіре отыра, толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз:
- 1. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
- 2. «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ;
- 3. «Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназия» КММ;
- 4. «М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі» КМҚК;
- 5. «Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК;
- 6. «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК;
- 7. «Шығыс-Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС;
- 8. «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Семей филиалы;
- 9. «Агротехнопарк» ғылыми орталығы;
- 10. «Радиоэкологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы;
- 11. ИП «МЕДОВИК» Таганашев А.В.;
- 12. ИП «СЕРДЮК П.Г.»;
- 13. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей – қорығы.
Кәсіпкерлікті дамыту және коммерцияландыру бөлімі