Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 қазан 2021ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА АЛТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

АР09260305 «STEM-білім беру және үштілділік жағдайында білім беру үдерісін жобалаудың инновациялық модельдерін әзірлеу негізінде жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді/педагогтарды даярлау» ғылыми жобасын орындау шеңберінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің қызметкерлері қауымдастырылған профессор, аға ғылыми қызметкер Е.Т. Әбілмәжінов және кіші ғылыми қызметкер К. О. Шәкерхан Ресей Федерациясының Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік педагогикалық университетіне іс-сапармен барды. Іс-сапардың мақсаты - ғылыми-білім беру жобасы аясында жемісті ынтымақтастық нысандарын талқылау, өзара тәжірибе алмасу.

Сапар аясында АлтМПУ Білім беру және халықаралық қызмет жөніндегі проректоры С.П. Волоховтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өткізілді, онда ғылыми жоба шеңберіндегі өзара іс-әрекет перспективалары мен ынтымақтастық форматтары талқыланды. Шәкәрім атындағы университетінің өкілдері жобаны іске асыру үшін қойылған мақсаттар мен міндеттерді, атап айтқанда, үштілділік жағдайындағы жаратылыстану-ғылыми пәндердің интегративті өзара байланысы негізінде STEM-білім беру шеңберінде білім беру процесін жобалаудың инновациялық модельдерін әзірлеуін көрсете отырып, ғылыми жобаның жалпы тұжырымдамасын таныстырды. Өз кезегінде АлтМПУ өкілдері ұсынылған ғылыми жобаға қосу үшін әдістемелік, ғылыми және инновациялық әлеуеті бар ЖОО-дағы жұмыс бағыттарын таныстырды. Дамыту және ақпараттандыру жөніндегі проректор Е.В. Кайгородов Алтай педагогикалық университетінде «Ресейдің болашақ ұрпағының мұғалімі» әмбебап педагогикалық құзыреттер технопаркін құру жөніндегі жобаны таныстырды.

Сапар соңында ақпараттық технологиялар және физика-математикалық білім беру институтының оқытушыларымен жұмыс кездесуі өтті, онда ынтымақтастық жоспарлары белгіленді, бір оқу бағдарламасына біріктірілген «Робототехника және математикалық модельдеу технологиялары», «Мультимедиа студия», «Заманауи әлемдегі цифрлық технологиялар» оқу модульдерінің циклі арқылы STEM-білім беру моделін ішінара әзірлеу және іске асыру жоспарланған.