Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 шілде 2023құжат, абитуриент, таңдау, 042

ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТ БАСТАЛДЫ

Бүгін республика бойынша мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды.
Биыл Абай облысы бойынша 4550 түлек мектеп бітірді, енді мүмкіндікті пайдаланып, конкурсқа қатысуда.
Шәкәрім университетінің Қабылдау комиссиясына таңертеңнен 400-ге жуық талапкер келіп, таңдау жасауда.
Айта кетерлік, биылғы жылы бакалавриат деңгейі бойынша 73 061 грант бөлінді.
Құрметті талапкерлер, жаздың ең ыстық айы шілденің басты науқаны жайлы өту мақсатында ертеңнен, яғни 14 шілдеден бастап Қабылдау комиссиясының жұмысы сағат 08:00-ден басталады.
Грант иегері болуларыңызға тілектеспіз!