Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 ақпан 2023білім алушылар, поэзия, мүшайра

МҰҚАҒАЛИ – ПОЭЗИЯ АЛЫБЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Мұқағали – поэзия алыбы» атты дәстүрлі жыр мүшәйрасы өтті.
Талантты және дарынды студенттердің басын қосқан, мәнерлеп оқу байқауының ұйымдастырушылары — «Art Union». Мүшәйра кезінде көрермендер қатысушылардың өнерін жоғары бағалады.
Байқаудың бірінші кезеңінде студенттер Мұқағали Мақатаевтың адалдық, сүйіспеншілік, әділдік, отансүйгіштік сынды адам бойындағы тамаша қасиеттерді жырлаған шығармаларын ерекше тебіреніспен жеткізе білді. Ал екінші кезеңде ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды.
«Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы сан қырлы болғандықтан, мұндай шараға қатысу – батыл қадам. Әркім оның ойын дөп басып айта алмайды, бірақ мұнда студенттердің жақсы дайындығын көруге болады», – дейді Кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің бас маманы Төлеуғазы Мүрсәлімов.
Іс-шара нәтижесі төмендегідей:
1 орын - Филология факультеті;
2 орын - «Қаракөз» студент-жастар театры;
3 орын - «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымы.
Кеш соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!