Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 сәуір 2022олимпиада

ӨНЕРЛІ ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ

Өнер және музыка кафедрасының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Кескіндеме», Сурет» және «Сызу» пәндерінен аймақтық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық және техникалық білімдерін бақылау, деңгейін арттыру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Пәндердің талаптарына сай дарынды, шығармашыл білімгерлерді анықтау, беделін көтеру, анағұрлым талапты және дарынды оқушыларды іріктеу.
 «Сурет» пәні бойынша бірінші орынды «№43 жалпы білім беретін мектеп» оқушысы Шмеер Вероника, Кескіндеме» пәні бойынша бірінші орынды «Экономикалық лицей» оқушысы Рахимова Камилла, «Сызу» пәні бойынша бірінші орынды «№6 гимназия» оқушысы Ерсайнов Азым иеленді.
Әр номинация бойынша қатысушылар саны аз болғанымен сапа деңгейі жоғары дәрежеде болды.