Талапкеріміз Айым «жеті рет өлшеп, бір рет кесіп», жүрек қалауымен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесін» таңдаған екен.
Неліктен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесін» таңдаған дұрыс?
Мұғалімдер – балаларды жақсы көретін, түсінетін және олардың болашақ өмірінің берік іргетасын қалау үшін олармен жұмыс істегісі келетін адамдар. Мұндай жандарға өмірдің ең маңызды саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауда біздің «БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ» көмектеседі. Қазір университетімізде педагогикалық сыныптар жобасы жүзеге асырылуда, онда біздің мұғалімдер сапалы тұрғыда мұғалімдік мамандық туралы түсінік береді. Осылайша, мұғалім мамандығын таңдау керек пе, соны түсінуге құнды негіз жасайды.
Болашақ білімде. Толық цифрландыру және басқа да жаһандық процестер еңбек нарығына және елімізге өзіндік түзетулер енгізуде. Қазақстанда алдағы жеті жылда ең сұранысқа ие педагогикалық мамандықтар қатарына да көш бастап тұр.
«Педагогика саласының жақсы маманы болып қалыптасуыма Шәкәрім университетінің тигізер әсері мол» - деп ойлаймын дейді Айым.
Болашақта жас ұрпаққа сапалы білім беріп, үлгілі ұстаз болуыңызға тілектеспіз.