Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 тамыз 2022кездесу, дөңгелек үстел

QAZAQCONCERT "ҰЛЫЛАР ӘЛЕМІ" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІН ӨТКІЗДІ

Бүгін Абай күніне орай «Ұлылар әлемі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан университет басшылығы мемлекеттік концерт ұйымына ақ тілегін жаудырды.
Шара барысында «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымы өнер көрсетіп, дәстүрлі малдың ішегінен жасалған домбыраны музей ұжымына табыс етті.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты жаңа жобасы аясында Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарының аудандары мен моноқалаларында мерекелік концерттер береді.
Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен облыстардағы жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, Алаш қозғалысының орталығы болған Семей қаласы, халқымыздың қаншама ұлы тұлғасы дүниеге келген киелі өңірді жаңғырту экономикалық қана емес, мәдени-рухани маңызға ие. Сондықтан «Қазақконцерт» гастрольдер маусымын осы киелі өңірден бастады.
Айта кетейік, 10 тамыз күні Облыстық Абай атындағы драма театрында «Ұлы Дала – Ұлы Абай» атты салтанатты концерт өтеді.