Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі26 қаңтар 2023ғылым, семинар-тренинг, профессор-оқытушылар құрам

QIAGEN: БИОЛОГИЯЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДІ ТАЛДАУДЫҢ ЗАМАНАУЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде «Биологиялық үлгілерді талдаудың заманауи технологиялары» тақырыбында семинар өтті. Негізгі мақсат аталмыш тақырыпты тәжірибе алмасу және жаңа білім алу, молекулалық биология, молекулалық диагностика, генетика және геномика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің күрделі пәнаралық жобаларын талқылау, бизнес өкілдері мен ғылыми зертханалар арасындағы кәсіби байланысты дамыту.
Семинар молекулалық биология, генетика, геномика, вирусология, микробиология салаларында жұмыс істейтін ғылыми орталықтардың қызметкерлеріне/зерттеушілеріне, сондай-ақ молекулалық диагностика саласында жұмыс істейтін басшыларға бағытталған.
Спикерлер ретінде "БиоХимПрибор" ЖШС өкілдері – QIAGEN компаниясының ресми дистрибьюторлары, Ресей мен ТМД бойынша "Геномика" бағытының басшысы Алексей Аникаев, ТМД елдеріндегі нарықты дамыту жөніндегі менеджер Ажар Ғазизова, молекулалық биология маманы Әйгерім Сейдалина дәріс оқыды.
Айта кетейік, Qiagen – биологиялық үлгілерді талдау технологияларындағы әлемдік көшбасшы технологиялардың бірі, іргелі және қолданбалы молекулалық-генетикалық зерттеулер үшін технологиялық шешімдерді әзірлеуде жетекші орынға ие.
Qiagen каталогында диагностикалық мәселелерді шешуге арналған қажетті реактивтер, материалдар мен құралдар, соның ішінде әртүрлі биологиялық объектілерден үлгінің ДНҚ/РНҚ-сын оқшаулау, тазарту, сақтау және зерттеу, сондай-ақ зертханалық процестерді автоматтандыру шешімдері бар.
Семинар барлық қатысушылар үшін пайдалы болды деген сенімдеміз!