Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 қазан 2021турнир

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

7-9 қазан күндері Қызылорда қаласында қоғам қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменов атында дзюдодан жастар арасындағы ХХ халықаралық турнир өтті.

Сыр елінде өткен халықаралық турнирде 600-ге жуық жас татами шеберлері өзара мықтыны анықтады. Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Роза Нысантайқызы қола жүлдені жеңіп алды.

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Жуманбаев Айбек Жамбылұлын шәкіртінің жеңісімен құттықтаймыз!

Оқу, білім үйренген адам түрлі өнерді білетіні рас.

Шәкәрім Құдайбердіұлы