Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 мамыр 2022шәкәрім оқулары, форум

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІНІҢ АРТ-СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде #ShakarimForum-ның аясында Нұрбұлан Өтепбаевтың өнер студиясы ашылды.
Нұрбұлан Нұғманұлы – ҚР Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, танымал қылқалам шебері. Оның шығармашылық еңбектері ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалды және меншік комитетінде тіркелген. Көркемдеуші-суретші ретінде 15 кітаптың көркемдеуші авторы.
Өнер студиясының негізгі мақсаты - балаларды бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздеріне үйрету және бейнелеу іс-әрекетімен айналысу, әлемдік, жергілікті көркем мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру арқылы әр баланың даралығын ескере отырып, олардың белсенді шығармашылығын дамыту.
Облыс жастары үшін ашылған студия базасы екі бағыт бойынша көркемдік білім беретін болады. Олар бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер.
Шәкәрім университетінің елімізге еңбек сіңірген тұлғаларға атаулы аудитория ашудағы мақсаты – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті әрі сапалы мамандарды даярлау.
Н.Өтепбаевтың студиясында дарынды шәкірттер тәрбиелене беруіне тілектеспіз!