Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 қаңтар 2024қысқы мектеп, зимняя школа

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП: SHAKARIM UNIVERSITY

Бүгін Шәкәрім университетінде Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен «Оқытушының рөлін трансформациялау: педагог, ғалым, модератор» атты қысқы мектеп өз жұмысын бастады.

 

 

Сапаны қамтамасыз етуде ішкі процестерді ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ПОҚ, кафедра меңгерушілері және факультет декандары қатысты.

 

 

Шараның алғашқы күні қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша ПОҚ қызметін бағалау, университет миссиясын жүзеге асырудағы әлеуметтік мониторингтің рөлі, ПОҚ ғылыми әлеуетін дамытуда шетелдік ғылыми ұйымдарда озық тәжірибені игеру және оқу процесінде жасанды интеллекті пайдалану мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ тыңдаушылар кәсіби дағдылары мен құзыреттілігін дамытуда жаңа идеяларды талқылап, тәжірибе алмасты.

 

 

4 күнге жалғасатын қысқы мектеп бағдарламасы «Оқытушы студент үшін: даму драйвері», «Үздік оқыту практикасы: тәжірибе алмасу», «Оқытушылардың Action Research университеттің ғылыми әлеуетінің көрсеткіші ретінде», «ПОҚ ЖОО-ны басқаруға қатысуы» тақырыптарында семинар, мастер-класс және дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарланған.

 

 

Оқытушылар қысқы мектепке қатысу арқылы білімдерін жетілдіріп, өзара тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік алады. Сондықтан білім деңгейін жаңа сатыға көтеру арқылы білікті маман мен кемел тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жобаның маңызы зор.