Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 қазан 2022тарихи таңдау, шәкәрімдік делегация

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ АБАЙ ОБЛЫСЫНА АТ БАСЫН ТІРЕДІ

Бүгін Шәкәрім университетінің делегациясы Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидат Қ.Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб өкілдерімен кездесті.
Штабтың басты міндеті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын әр азаматқа, әр сайлаушыға жан-жақты түсіндіру, жүрегіне жеткізу.
Республикалық штаб төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, Президент өзінің сайлау алды бағдарламасын «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп атағанын мәлімдеді.
"Қазақстанның алдағы 7 жылда даму бағдарын Мемлекет басшысы өз қолымен жазды. Әділетті Қазақстан құру үшін ең алдымен, үш қағидатқа негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшеміз.
Бірінші қағидаты – Әділетті мемлекет, екіншісі қағидаты – Әділетті экономика және үшінші қағидаты – Әділ қоғам",- деді штаб төрағасы.
Кезектен тыс президенттік сайлауға Қ.Тоқаевты үміткер ретінде халық коалициясы ұсынған болатын. Коалицияға түрлі партиялар, қоғамдық бірлестіктер енді. Кандидаттың ел өңірлерінде 227 қоғамдық қабылдауы құрылды.
Сөз сөйлеген Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков тағдыршешті шақтағы сапарларын киелі өңірден бастағандары семейліктер мен шәкәрімдіктер үшін зор құрмет екендігін тілге тиек етті.
"Президенттің әрбір сөйлеген сөзіне назар салсақ, Абайдың «Толық адам» концепциясына қашанда сүйеніп отырады. Біле білген адамға Абайдың «Толық адам» және Шәкәрімнің «Ар білімі» концепциялары адамзатты болашаққа бағдарлайтын темірқазық. Сол темірқазықтан қазақ адасып қалмау керек. Президентіміз тиянақ сөзді Абайдың «Толық адамынан» іздеуі он мыңға жуық шәкәрімшілерге ерекше рух беруде",- деді ректор.
- Қазақ еліне дәл қазір еңбек, ынтымақ, мінез керек. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген хәкім сөзі далада ғана ілініп тұрмауы керек, санаға ілінуі қажет!- деп түйіндеді Бауыржан Аманкелдіұлы.
Президенттің барлық бастамаларын қолдауға шәкәрімдіктер қашан да дайын. ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙЫҚ!