Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 шілде 2024история

Болашақтың тарихын Shakarim University-мен бірге жасаңыз!

Біз мамандарды үш деңгейлі бағдарлама бойынша дайындаймыз:
 
Бакалавриат 6В01601-Тарих / оқу мерзімі: 4 жыл
Магистратура 7М01601-Тарих / оқу мерзімі: 2 жыл
Докторантура 8D01601-Тарих / оқу мерзімі: 3 жыл
Неліктен бізді таңдайсыз?
Сізді қызықты археологиялық экспедициялар күтуде
Археологиялық ашылулардың қызықты әлеміне еніңіз. Біздің бағдарлама сізді уақытты кері қайтаратын және ежелгі өркениеттердің құпияларын ашуға көмектесетін қызықты археологиялық экспедициялар бойынша тәжірибені қамтиды.
Конференциялар мен жарыстарға қатысу
Ұлттық және халықаралық конференциялар мен байқауларға қатысу арқылы баға жетпес тәжірибе жинаңыз. Зерттеулеріңізді ұсыныңыз, ғалымдармен танысыңыз. Академиялық қауымдастықта өз белгіңізді қалдырыңыз.

Семинарлар мен тренингтер
Әртүрлі семинарлар мен тренингтер арқылы біліміңіз бен дағдыларыңызды шыңдаңыз. Оларды тәжірибелі мамандар мен белгілі тарихшылар жүргізеді.
Зерттеу мүмкіндіктері
Егер сіз білімге  құмар болсаңыз, Шәкәрім университеті сіз үшін тамаша орын. Бакалавр дәрежесін бітіргеннен кейін сіз магистратура мен докторантурада ғылыми зерттеулеріңізді тереңдете аласыз. Сізді ғылыми орталықтар, мұражайлар мен мұрағаттар күтеді.

Білімге қосқан үлесі
Сіздердің сапалы білімдеріңіз білікті маман тапшы болып тұрған, мектептердің, лицейлердің, гимназиялар мен колледждердің оқушылары үшін қажет. Жаңа ұрпаққа тарихты жақсырақ түсінуге және бағалауға көмектесетін адам болыңыз.
Тарих кафедрасы бойынша сапалы білім алып, мықты маман болғысы келетіндердің барлығын шақырады!
Бізге қосылыңыздар! Болашақтың тарихын Шәкәрім университетімен бірге жасаңыз!