Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 шілде 2024интервью

Нұрасыл Амангелдиев: Абай облысындағы №1 университет - SHAKARIM UNIVERSITY

«ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ» мамандығын таңдап, грантқа түсуге ниет білдірген талапкер Нұрасыл Аманкелдиев осылай дейді.   

Неліктен «ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ»? 
Мұндай мамандар құрылысқа, қала құрылысына, табиғи ресурстарды сақтап қалуға байланысты мәселелерді шешу үшін қажеті сөзсіз.
 
Білікті маман атанған Нұрасыл инфрақұрылымды дамытуға, аумақтық жоспарлауға атсалысып, еліміздің өсіп-өркендеуіне әсер ететіні күмәнсіз дер едім. Және де геодезия жұмысы көбінесе далалық зерттеулермен байланысты; дәл осы фактор бұл кәсіпті қызықты әрі перспективті  деп санауға мүмкіндік береді!

Нұрасыл Амангелдиев өзі сияқты талапкерлерді SHAKARIM UNIVERSITY-ге оқуға түсіп, сапалы білім алуға шақырады!