«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум бекітілді.
Ғылыми білім беру саласында өзара серіктестікті дамытуға бағытталған маңызды құжатқа Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков пен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бас директорының м.а. Әнуарбек Бермағамбетов қол қойды.
Ынтымақтастық Меморандумы кадрларды бірлесе даярлау, ғылыми бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін шығармашылық топтар құру, орман шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында ғылыми зерттеулер жүргізу, орман шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың әртүрлі бағыттары бойынша бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, университет студенттерінің өндірістік және оқу практикасын "Семей орманы" резерватының базасында өткізу, университет түлектерінің аталған мекеменің құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа орналасуына қолдау көрсету т.б. қамтиды.
Осы Меморандум шеңберінде тараптар орман шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдетіп, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Бұл келісім орман шаруашылығы, экология және биология бағыттарындағы білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал ететіні анық.