Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 мамыр 2022шәкәрім оқулары, форум

Шәкәрім бейнесінің 3D үлгісі

SHAKARIM FORUM аясында Шәкәрім бейнесінің 3D үлгісінің тұсаукесері өтті. Шәкәрім бейнесі тарихи жазбалар негізінде жасалынған.Модельді құру кезінде AVATAR SDK бағдарламасы пайдаланылды.
Жоба авторлары инженерлік-технологиялық факультетінің «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының студенттері: Шыныбеков Айдар және Хужабай Қалдыбек Ринатұлы. Жетекшілері: аға оқытушылар Г.О.Садвакасова және Диас Қажымқанұлы.
Сондай-ақ, «Құрылыс» білім беру бағдарламасының студенттері Оразов Нұржан, Тұтабаев Сүндет, Еслов Ернат, Чамиренов Бекзат ШӘКӘРІМ-ПАРК макеті мен 3D үлгісімен таныстырды.
Бұл жобалар университеттегі стартап жобалар байқауының жеңімпаздары атанды.