Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 мамыр 2022шәкәрім оқулары

SHAKARIM FORUM: «ШЫҒЫС ЖЫРЫ» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде Shakarim Forum: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер форумы аясында «Шығыс жыры» атты аймақтық жыр мүшәйрасы өтті.
Мүшәйраның негізгі мақсаты – гуманист, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған өлеңдер мен арнауларын оқыған дарынды жастарды анықтау, қолдау көрсету.
Жыр додасына Абай, Тарбағатай, Жарма аудандары, Семей қаласының мектеп оқушылары мен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің білім алушылары қатысты.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!