Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 маусым 2023дәрісхана, семей рухы жобасы

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА ҒАЛЫМ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Абайдың мектебі, абайтанудағы Әуезовтің мектебі, енді Қайымның әдебиеттану ғылымындағы мектебін былай қойғанда, абайтанудағы текстологиялық мектебі берік іргесін тепті деп толық айтуға болады. Қазақ халқы өмір сүрсе, Абай өмір сүреді, Абай өмір сүрсе, Қайым да өмір сүретін мәңгілік қозғалыс бұл!» Тұрсын Жұртбай.
Бүгін Шәкәрім университетінде «Семей рухы» кешендік жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР Әнұранының авторы, абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедханұлы атындағы дәрісхананың ашылу рәсімі өтті.
Білім ордасында Қайым Мұхамедханұлы атындағы кабинет алғаш рет 2006 жылы ғалымның туғанына 90 жыл толуына орай ашылған. Бүгінгі таңда дәрісхана қайта жаңартылып, жабдықталды. Атаулы дәрісхана – студенттердің білімін шыңдауға және профессор-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруда үлесі зор.
Рәсімге университет басшылығы, ғалымның шәкірттері, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар құрамы мен зиялы қауым өкілдері, балалары мен немерелері қатысты.
Қайым Мұхамедханов абайтану ғылымына бүкіл саналы ғұмырын арнады. Алдынан неше жүздеген шәкірт дәріс алған ұлағатты ұстаз, ғалым өмірінің соңына дейін қара шаңырақта еңбек етті. «Семей рухы» кешенді жобасының жоспары бойынша тағы да бірнеше нысандар жаңартылмақ.