Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 шілде 2023ректор, тағайындау

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры қызметіне Думан Орынбеков тағайындалды. ЖОО жаңа басшысын ұжымға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев таныстырып, ректорлық қызметіне табыс тіледі.
Думан Рымғалиұлы – университет түлегі, техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек өтілі:
* Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары кафедрасының аға оқытушысы (2008-2011);
* Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы (2011-2012);
* Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің басшысы (2012-2018);
* Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары (2019 жыл);
* Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылым және инновация департаментінің директоры (2019-2020);
*Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасарының м.а. (2020-2021);
*Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары (2021-2022);
2022 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары болды.