Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 наурыз 2024академическая мобильность, ученые, научная стажировка

SHAKARIM UNIVERSITY 15 ҒАЛЫМЫ ШЕТЕЛДІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Жыл сайын Shakarim University профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары Азия, Еуропа, АҚШ, Түркия, Қытай және т.б. серіктес ЖОО-да шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтеді. Осы ретте, білім ордасының бірқатар ғалымдары шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдаманы бастады. Атап айтқанда, Түркия елінің Кавказ университеті, көрші Өзбекстан елінің Коканд және Әлішер Науаи атындағы өзбек тілі мен әдебиеті Ташкент мемлекеттік университеттері.
Тағылымдама кезінде білім алушылар шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаудың заманауи әдістерімен танысады. Мәселен, Өзбекстан Республикасының Коканд университетінде қатысушылар «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша заманауи әдістерімен жұмыс істеу, ғылыми деректерді өңдеу және түсіндіру дәрістерін оқып, тәжірибе алмасуда.
Бұдан бөлек, оқу орнының бір топ ғалымдары Түркия мемлекеті Карс қаласының Kafkas University ветеринария және мал шаруашылығы саласы бағытында тәжірибелері мен білімдерін арттыруда. Әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелермен танысу Абай өңірде ветеринариялық медицинаны, аграрлық сектор мен педагогикалық салаларды дамыту үшін жаңа перспективаларды ашатыны сөзсіз.
Ғалымдарымызға тағылымдама барысында шығармашылық шабыт тілейміз! Айта кетейік, алдағы уақытта университеттің ғалымдары Ж.Баласағұни атындағы Қырғыз Ұлттық университетіне тәжірибе алмасуға аттанады.