Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 шілде 2022диплом табыстау кеші

SHAKARIM UNIVERSITY: 544 ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНҒА ЖОЛДАМА БЕРДІ

Қызығы мен қиыны қатар жүретін студенттік шақтағы тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары жаз. Ал бітіруші түлектер үшін бұл маңызды кезең. Себебі олар енді қолына диплом алып, жас маман атанып жатыр.
Бүгінде Инженерлік-технологиялық факультеті 15 бакалавр, 11 магистратура және 7 – PhD докторантура мамандықтары бойынша білікті мамандар даярлауда. Факультет түлектері Қазақстанның барлық аймақтарында өндіріс ошақтарында еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
«1934 жылдан бастап бұл шаңырақ мыңдаған студентті қабылдап, өз ұясынан неше мыңдаған шәкіртін тек Қазақ еліне ғана емес, бүкіл жер-жаһанға қанат қақтырды. Елімізде есімі ел тарихында қалатын талай ғалымдар мен қайраткерлер кешегі күні шаңырағымыздан қанат қаққан түлектер. Ертең біріңіз өз мамандығыңыз бойынша жұмыс істеуді көздесеңіздер, ал біріңіз осымен тоқтап қалмай, «Білім – инемен құдық қазғандай» дегендей, ары қарай білім жалғастырып магистратураға да тапсырасыздар. Докторантураны мақсат етіп, ғылымға да ден қоятын кездеріңіз келеді»,- деді университет басшысы Бауыржан Аманкелді.
Биылғы оқу жылында факультеттің 544 түлегі бітірді, оның ішінде үздік диплом алған - 122 түлек.
Болашақ мамандардың ендігі мақсаты университетте алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары маман болу.
Салтанатты жиын барысында түлектер ән-жырдан шашу шашып, білім алған ордасына, ұстаздарына алғыстарын білдірді.