Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 наурыз 2024білім, академиялық ұтқырлық, оқытушылар, ғалымдар, тағылымдама

SHAKARIM UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ШЕТЕЛДЕ ДӘРІС ОҚУДА

Shakarim University білім беруді интернационалдандыру, студенттер үшін ынтымақтастық географиясы мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытында мақсатты қызмет жасауда. Бүгінгі таңда университетте ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда.
Осы ретте, университет ғалымдары Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетіне академиялық ұтқырлық аясында дәріс оқуда. Бұл келісім қос университет арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы шеңберінде жүргізілді.
Педагогика ғылымдарының кандидаты Назигул Газизова және психология ғылымдарының кандидаты Шолпан Сатиева бір ай көлемінде «Қоғамдағы отбасының рөлі», «Гендерлік саясат», «Жастық шақ», «Зерттеудің психологиялық әдістерінің классификациясы» тақырыбында дәріс оқиды.
Академиялық ұтқырлықтың негізгі аспектілерінің бірі студенттер мен оқытушылардың алмасуы. Бұл көкжиектерді кеңейтуге, білімді байытуға және халықаралық ғылыми қауымдастықтар құруға көмектеседі. Соңғы үш жылда білім ордасының 110-нан астам студенті АҚШ, Түркия, Польша, Оңтүстік Корея және т.б. елдеріне барып келді. Тиісінше, Шәкәрім университетінде Қытай елінің Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің 5 магистранты білім алуда. Магистранттар биотехнология, ғылыми зерттеулердің негіздері және Абай әлемі пәндерін ағылшын тілінде меңгеруде.
Алдағы уақытта университеттің бір топ ғалымдары Түркия еліне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында аттанады.