Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 мамыр 2023жігіт сұлтаны, өнерлі студенттер, байқауы

SHAKARIM UNIVERSITY: КІЛ МЫҚТЫДАН КІМ МЫҚТЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақ халқы тәрбиеге аса қатты мән берген. Ұл баланы «Азамат» , «Елдің қорғаны» деп бағалап, ардақтаған. Жігіттерге артқан сенімі ерекше болған. Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен қасіретті, қиын шақтарда ел намысын, Отанын, жерін, елін жігіттер қорғаған.
Осы орайда бүгін Шәкәрім университетінде дәстүрлі "Жігіт сұлтаны – 2023" байқауы өтті. Байқауды "Жастар рухы" жастар қанаты ұйымы жоғары деңгейде ұйымдастырды. "Жігітке жеті өнер де аз!" деген ұранмен басталған сайыста әр үміткер жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салды. Байқаудың басты мақсаты - жігіттерді батырлыққа, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жан жақтылыққа баулу.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1. "Күш атасын танымас" спорттық сайыс
2. "Тегімді менің сұрасаң" таныстыру
3. "Білімді жүзден озар" сұрақ-жауап
4. "Сегіз қырлы бір сырлы" өнер сайысы
Сайыс қорытындысы бойынша «Жігіт сұлтаны-2023» атағына Инженерлік-технологиялық факультетінің студенті Жикенов Жүсіпбек лайықты деп танылды.
Гуманитарлық-экономика факультетінің студенті Нұрсалбек Серік 2 орын, ал 3 орынға Жаратылыстану-математика факультетінің студенті Разханов Асхат жайғасты. Филология факультетінің студенті Маутханов Дастан "Өнерлі жігіт" номинациясына ие болды.
Барша қатысушыларды жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Все реакции