Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 наурыз 2024құттықтау, наурыз мерекесі, облыс

SHAKARIM UNIVERSITY ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨКТЕМ ШУАҒЫН СЫЙЛАДЫ

Shakarim University Ұлыстың Ұлы күнінде қала жұртшылығына есігін айқара ашты. Білім ордасы облыс тұрғындарына көктем шуағын сыйлап, Наурыз мейрамын дүркіретіп өткізді.
Жиында рухани-танымдық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Шәкәрім ауылы биылғы кешті ақын, прозашы, драматург, сатирик, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының алғашқы төрағасы Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдық мерейтойына арнады. 12 қанатты киіз үйде ақынның шығармашылығына арналған кітаптар көрмесі өткізілді.
Мерекелік шара барысында барлық қала тұрғындары үшін шәкәрімдік өнерлі жастар ән шашуын төгіп, бұқара жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шәкәрім шаңырағы абайлық жұртқа рухани қазынасы мол, игі іс-шара ұйымдастырып, ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Жаңарту мен жасампаздықтың бастауы әз Наурыз мерекесі құтты болсын!