ШӘКӘРІМДЕ 2021 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

02 март 2022поздравление, құттықтау, үздік жоо оқытушысы

Шәкәрім университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара университет басшысы Бауыржан Ердембековтың алғы сөзінен басталды. Басқарма төрағасы-Ректор жеңімпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, төсбелгі табыстады. Айта кетейік, байқауға біздің университет атынан 8 оқытушы қатысып, олардың 7-і үздік танылды. «Үздік оқытушыларды» университет ұжымы атынан...

Подробнее

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ШӘКӘРІМ МЕКТЕБІН БІТІРУШІЛЕРДІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

25 май 2022мектеп оқушылары, поздравление, құттықтау

Шәкәрім университеті Шәкәрім мектебімен «ЖОО - Мектеп» жобасы аясында ұзақ жылдардан берi жұмыстар атқарып келеді. Қаланың ең үздік білім ошағымен бірқатар ортақ жобалар бар. Университеттің практикалық базасы ретінде кафедралардың филиалдары, интеграцияланған оқу жоспарлары, дуалды оқыту жүйесі, білім беру бағдарламалары және ғылыми зерттеу жұмыстары аталмыш мектеппен бірлікте жүзеге асырылуда. Мектеп тарихымен...

Подробнее

ДОНОР БОЛУ – АЛҒЫССЫЗ ЕРЛІК

14 июнь 2022поздравление, құттықтау

Бүгін - Дүниежүзілік донорлар күні. Инженерлік-технологиялық факультетінің 3 курс студенті Дәулет Ардақұлы жиен қарындасына өзінің бауырын ойланбастан береді. Қарындасының өмірін құтқарып қалудың жалғыз жолы – бауырын ауыстыру еді. Осылайша, күні кеше өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан бойжеткен операциядан аман шығады. Әйгілі Мағжан ақын жырлағандай, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Шәкәрім университетінің...

Подробнее

Қымбатты түлектер!

11 август 2022поздравление, құттықтау

Құрметті Шәкәрім шаңырағының босағасын аттағалы тұрған болашақ студенттер! Сендерді киелі шаңыраққа оқуға түсулеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Тоқсан жылға жуық тарихы бар қасиетті оқу ордасын таңдаған сендерге және ата-аналарыңа рахмет айтамыз! Әлемдік биіктерді бағындырған талай жан ғылымдағы, мәдениет пен спорттағы алғашқы қадамдарын дәл қазіргі сен сияқты осы ордадан бастаған. Бүгінде ұлттық...

Подробнее

ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАЙҚАУЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІС!

05 сентябрь 2022құттықтау, гранттық қаржыландыру

Шәкәрім университетінің ғалымы жобалар байқауында құны 41 млн. теңгені құрайтын гранттық қаржыландыруды жеңіп алды. Зерттеу тобының «Абай қарасөздерінің тезаурусы» ғылыми жобасы филология ғылымдарының докторы, профессор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлының жетекшілігімен Ұлттық Ғылыми кеңеспен қаржыландыруға мақұлданды. Ғылымда жаңа биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!

Подробнее

ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ

30 сентябрь 2022поздравление, құттықтау, ұстаздар күні

Shakarim University ұстаздар күні мен қарттар күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырды. Салтанатқа жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ардагер ұстаздары қатысты. Университет ректоры Б.Ердембеков құттықтау сөзінде Ұстаздар күні қарсаңында ашылған "ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ" символикалық ескерткішінің ағартушылық бағытта еңбек етіп жүрген педагогтер қауымына үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың...

Подробнее

«ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

07 февраль 2023құттықтау, профессор-оқытушылар құрамы

Шәкәрім шаңырағында филология ғылымдарының кандидаты, профессор Тоқсамбаева Айман Омарқанқызының 60 жас мерейтойына арналған «Ғалымның хаты өлмейді» атты шығармашылық кеш өтті. Тоқсамбаева Айман Омарқанқызы университетіміздің еңсесін биік көтеріп, ғылым жолында өлшеусіз еңбек сіңірген, шәкіртерінің бойына дарын түлеткен ұстаз. «Айман Омарханқызы университет қабырғасында жұмыс істеген кезде тыңбай еңбек етті. Бірнеше оқулықтары жарық...

Подробнее

ШӘКӘРІМНІҢ ШУАҚТЫ АРУЛАРЫ ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

08 март 2023құттықтау, 8 наурыз, мерекелік концерт

Нәзіктікте күш бар. Ол – сұлулық. Қыс қаһарын басатын да сол Ару Көктемнің сұлулығы. Мойындағысы келмей сіресіп бағатын тоңды да шуағымен жібітетін сол күш. Сондай күндердің бірі 8 НАУРЫЗ - адамзаттың нәзігі СҰЛУ ЖАНДАРҒА арналған. Болашаққа қадам басар шәкірттерге білімі мен парасатын арнаған нәзік жандардың еңбегін бағалау – қоғам парызы....

Подробнее

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

06 март 2023құттықтау, университет қызметкерлері

Бүгін Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков Инфрақұрылымды басқару бойынша департаменті қызметкерлерін Арулар мерекесімен құттықтады. Жиында университет басшысы оқу орнының материалдық-техникалық базасының нығаюына ықпал еткен бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Шара барысында Бауыржан Аманкелдіұлы департамент қызметкерлеріне зор денсаулық, толағай табыс тіледі.

Подробнее

ҚҰРМЕТТІ ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ, СТУДЕНТТЕРІ, МАГИСТРАНТ, ДОКТОРАНТТАРЫ!

22 март 2023құттықтау, профессор-оқытушылар құрамы

Мұз көбесі сөгіліп, Жер Ана бусанып, қазақ даласына шуағын шашып Ұлыстың Ұлы күні Наурыз келді! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық...

Подробнее

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ!

07 май 2023құттықтау, отан қорғаушылар күні

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Бұл мереке – әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын көздің қарашығындай сақтаған, тəуелсіздігіміз бен тыныштығымызды қас қақпай қорғаған жаужүрек...

Подробнее

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА БІЛІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

01 сентябрь 2023студенттер, құттықтау, білім күні

Бүгін Шәкәрім университеті Білім күнін сән-салтанатымен атап өтті. Салтанатты шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, облыстың зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік серіктестер, білім алушылар және ата-аналар қатысты. Салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзін Басқарма төрағасы – Ректор Думан Орынбековке берілді. – Оңтүстік Корея, Польша елдерінің шетелдік ЖОО-мен қос дипломды білім беру бағдарламаларын табысты...

Подробнее

ШӘКӘРІМДІКТЕР ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

05 сентябрь 2023студенттер, құттықтау, тілдер мерекесі

Бүгін - ел тарихында елеулі күн. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке барша ұлт өкілдеріне ортақ. Сондықтан да, еліміздің болашағы жастарға мемлекетіміздің тілі – қазақ тілінің мерейін көтеруді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді құрметтеп, олардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту басты назарда болуы қажет. Осы ретте, Шәкәрім университетінің студенттері...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ТҮЛЕГІ - АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

22 сентябрь 2023түлектер, құттықтау, альма-матер

Шәкәрім университетінің түлегі – Әділбай Қанат Серікқанұлы Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды. 1990-1996 жылдары Семей ет-сүт өнеркәсібі технологиялық институтында, қазіргі Шәкәрім университетінде «Агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша оқыды. Инженер-экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР Салық қызметінің үздігі. Жоғары деңгейлі кәсіби маман ретінде Сізге зор сеніммен табыстап отырған қызметіңізде...

Подробнее

ҒЫЛЫМДАҒЫ АРУЛАР КҮНІ!

11 февраль 2024ғылым, құттықтау

Достар және ардақты әріптестер! Бүгін дүниежүзінде айтулы мереке. Дәлірек айтар болсам, осы күн – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Осынау мерекеге орай еліміздегі ғылым және жоғары білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген барша қыз-келіншектерді өзімнің және министріліктің атынан шын жүректен құттықтаймын! Белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің: Әйелден асқан ғалым жоқ,...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨКТЕМ ШУАҒЫН СЫЙЛАДЫ

22 март 2024құттықтау, наурыз мерекесі, облыс

Shakarim University Ұлыстың Ұлы күнінде қала жұртшылығына есігін айқара ашты. Білім ордасы облыс тұрғындарына көктем шуағын сыйлап, Наурыз мейрамын дүркіретіп өткізді. Жиында рухани-танымдық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Шәкәрім ауылы биылғы кешті ақын, прозашы, драматург, сатирик, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының алғашқы төрағасы Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдық мерейтойына арнады. 12 қанатты киіз үйде...

Подробнее

ҒЫЛЫМ КҮНІ!

12 апрель 2024ғылым, құттықтау

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Бүгін еліміздегі Ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Мерекелік күннің 12-сәуір деп бекітілуінің себебі – дәл осы күні халқымыздың ұлы перзенті, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалап, тұңғыш президенті болған терең білімді ғалым-геолог, ұлт мақтанышы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Құрметті әріптестер! Ғылым саласы қызметкерлері күні мерекесімен...

Подробнее