"Жас ғалым" ғылыми гранты аясында "Құрылыс және Геодезия" кафедрасының" жас ғалымы Dr.Ph.. Әйгерім Буранбаева қазіргі уақытта Малайзияның Куала-Лумпур қаласында "Талшықты-оптикалық датчиктерді пайдалана отырып, ғимараттардың іргетасын уақыт режимінде мониторинг жүйесін әзірлеу" тақырыбында ірі зерттеу жүргізуде. Бұл жоба құрылыс кезеңінен бастап пайдалануға дейінгі ғимараттардың іргетастарының жағдайын бақылау үшін инновациялық шешімдер әзірлеп ұсынуға бағытталған.
Жоба жетекшісі Dr.А.Буранбаева кәзіргі уақытта ғылыми кеңесшісі Dr.Ph., Bun Pin Tee-мен бірлесіп тығыз жұмыс істеуде, ол Малайзиядағы ірі компаниялардың бірі Smart Sensing Technology Sdn Bhd жетекші ғылыми қызметкері болып табылады.
Тағылымдама Smart Sensing Technology Sdn Bhd компаниясының зертханаларында өтіп жатыр, ол әлемдегі талшықты зондтау технологияларымен жұмыс істейтін жетекші ғылыми-зерттеу компанияларының бірі болып табылады. Бұл компания гранттық зерттеудің негізінде құрылыс индустриясына қажетті, әрі арнайы талаптарды қажет ететін шешімдерді әзірлейді. Бүгінгі таңда компания геотехникалық және құрылымдық сынақтар, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылымдарды мониторингтеу саласындағы мамандандырылған компаниялардың бірі болып танылды.
Сонымен қатар, Dr.А.Буранбаева Монаш университетінің (Малайзия) Инжиниринг мектебінің «Азаматтық құрылыс» зертханасына баруға мүмкіндік алды, бұл оы университеттегі құрылыс саласындағы озық зерттеулермен танысуға мүмкіндік берді.
Осылайша, бұл зерттеу іргетастарды бақылау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар болашақта ғимараттардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ете алатын жаңа технологияларды дамытуға бағытталған.