Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 ақпан 2022семинар, форсайт, колледж

ШӘКӘРІМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ АЙМАҚТЫҚ ФОРСАЙТ-СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

ШҚО Техникалық және кәсіби білім  беру жүйесінің ауылшаруашылық бағытындағы оқу ұйымдарының оқытушыларына арнайы WorldSkills Shygys-2022, AgroSkills Shygys-2022 аймақтық чемпионатының модульдерін әзірлеу бойынша аймақтық форсайт-семинары өтті.

Осы аталған форсайт-семинарға Шәкәрім жоғары колледжі оқытушысы  Қилымбекқызы Айжан қатысып, WorldSkills Shygys-2022, AgroSkills Shygys-2022 аймақтық чемпионатының модульдерін әзірлеу бойынша өз бағдарламасын ұсынды.

Облыстық көлемде өткен форсайт-семинарға Шәкәрім жоғары колледжі өз үлесін қосқанына және модулді әзірлеу бағытына ат салысқанын  мақтанышпен  айтамыз.

Шәкәрім жоғары колледжі