Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 тамыз 2022колледж, пленарлық секция, тамыз форумы

ШӘКӘРІМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІ ИГЕРУДЕ

Бүгін Павлодар қаласында білім көшбасшыларының республикалық тамыз форумы аясында «Еңбек нарығы және кәсіби білім беру: жаңа мүмкіндіктер» панельдік секциясы өтті. Секцияға Шәкәрім жоғары колледжінің директоры Тоты Абдикаримова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Жақиянова қатысты.
Аталған панельдік секция мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындау, кадрлар даярлау мәселелері бойынша білім беруді бизнеспен және өндіріспен тиімді өзара іс-қимыл жасау тәжірибесімен ұйымдастырылды.
Форум барысында шәкәрімдік делегация алдағы оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.