Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 сәуір 2022студенты, квн, жайдарман

ШӘКӘРІМДЕ ЖАЙДАРМАН ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Шәкәрім университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған Жайдарман ойындарының ақтық сайысы өткізілді.
Қорытындылаушы жарыста 3 команда сынға түсті – №1 жатақхана "500 мың", "Медиа" және "Плагиат" құрамалары.
Ақтық жарыстың әділ қазылар алқасының мүшелері: “Альян Семей” жайдарман құрамасының ең үздік бишісі Данияр Найманбаев, “Алаш ұлдары” жайдарман құрамасының ойыншысы Дулат Сапатаев, Жайдарман ойындарынан билет сатудан амбассадоры Айбек Жалелов және Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің маманы Ернұр Сәметов әзілкештерге лайықты бағаларын берді. Екі сағатқа жуық созылған жарыс көрермендерді еш жалықтырған емес. Жайдарманның үздіктері әзіл-сықақ кешін одан сайын қызықтыра түсті.
Ойынның шарттары мынадай кезеңдерден тұрды:
  1. Сәлемдесу;
  2. Биатлон (жаңалықтар);
  3. Үй тапсырмасы.
Сәлемдесу кезеңінде барлық ойыншылар үздік қатысты. Келесі екінші кезеңде биатлон, яғни өздерінің жаңалығымен көрермендерді күлдіріп, үздік болып алға шыққан еліміздің болашақ ветеринария мамандары болды. Үшінші айналымда үй тапсырмасы бойынша қызықты сахналық көріністі сомдаған "500 мың", "Медиа" және "Плагиат" командалары болды. Ойын барысында көңіл ашар әзілдер айтылып, университетімізде орындалуы керек бірқатар бастамалар айтылды.
Қорытындылай өтер болсақ, топтардың барлығы да үздік ойын көрсетті. Алайда “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” демекші "Плагиат" құрамасы бас жүлдені иемденді. «Үздік ойыншы» номинациясын «Плагиат» командасының ойыншысы Ақмарал алды.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!