Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 наурыз 2023білім алушылар, чемпион, дзюдо күресі

ШӘКӘРІМДІК БАЛУАНДАР - ЧЕМПИОН

Бүгін Абай жерінде дзюдо күресінен жастар арасында ҚР жеке және командалық чемпионаты өтті. Спорт бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ге жуық татами шеберлері қатысты.
Чемпионатта Шәкәрім университетінің студенттері Жалғас Қайролла мен Ажар Асхат оқ бойы озып, 81 және 70 кг салмақ дәрежелерінде чемпион атанды.
Дзюдо күресін әлемдік ареналарда биікке көтеріп жүрген университет мақтаныштарын кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жалғас пен Ажар біздің ғана мақтанышымыз емес, күллі Абай елінің мақтаныштары. Жас спортшылар алдағы уақытта Әлем және Азия чемпионаттарында өнер көрсететін болады.