Ерікті түрде көмек-қолдау көрсетіп, жұрттың ықыласына ие болып жүрген Шәкәрім университетінің «Қолдау еріктілер» ұйымы қоғамның ажырамас бір бөлшегіне айналып келеді. Ұйымның ұйымдастыруымен бас ғимаратта «Жақсылықтың жаршысы» атты жәрмеңке өткізілді.
Ұйым жастары «мен қоғамнан не аламын емес, мен қоғамға не бере аламын» деген принциппен жұмыс жасап, жаңа белестерге нық қадаммен келе жатыр. Волонтерлар мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етеді, қараусыз қарт кісілерге үй шаруасына жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетуде. Келесі игі бастама студенттерге арналған заманауи демалыс орнын дайындауға қолғабыс ету.
-Өзгеге қол ұшын созу – адам бойындағы парасаттылық пен патриоттылық сияқты адамдық қасиеттерді сіңіре түседі. Сонымен қатар, осы мақсат жастарды ел дамуында бір мүдде, бір мақсат төңірегінде біріктіретінін де айтқан жөн,- дейді ұйым мүшелері.
Мейірімділік пен ізгілікті арқау еткен білім алушыларымызға бастаған игі істе сәттілік тілейміз!