Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 қыркүйек 2023мастер-класс, зарубежные ученые

ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМНЫҢ – ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде Польша Республикасы Быдгощ қаласынан арнайы келген Экономика университетінің Дене шынықтыру институтының директоры Александр Скалий «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасында оқитын студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерімен таныстырып, шеберлік сабағын өткізді.
Профессор өз сөзінде зардап шеккен адамға өз уақытында көмек беру арқылы өмірін сақтап қалу алғашқы медициналық көмектің маңыздылығы болып табылатынын баса айтты.
Сондай-ақ сабақ барысында Александр Скалий жедел жүрек инфаркті, аллергиялық шок және суға кеткен адамды ажалдан арашалау секілді алғашқы көмектің түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Қызықты форматта өткен шеберлік сабақтың студенттер үшін пайдасы зор екені сөзсіз.