Бүгін Шәкәрім университетінің басшысы Думан Орынбеков спорт саласында жетістіктерге жеткен жас спортшылармен кездесті. Басқосуда Басқарма төрағасы оқу орнында спортты дамыту және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше назарда екенін айтты.
-Қазіргі таңда білім ордасында спортшыларға әрдайым қолдау көрсетіліп, қажетті жағдайлар жасалуда. Біздің студенттер еліміздің спорттық намысын әлем чемпионаттарында, әлемдік универсиадада, Азия және Еуропа чемпионаттарында лайықты түрде қорғап келеді. Біз өз спортшыларымызды мақтан етеміз»!-деді Думан Рымғалиұлы.
Еркін форматта өткен кездесуде университет басшысы түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, университеттің абыройын асқақтатып жүрген спортшылармен пікір алмасып, жеңіс туын әрдайым биіктен желбіретуге тілектестігін жеткізді. Сонымен қатар, халықаралық жарыстарда ел, өңір намысын қорғап, облыстың спорт саласындағы жетістіктерін еселеп жүрген “Дене шынықтыру және спорт”ББ студенті Жалғас Қайроллаға бір реттік «Шәкәрім» шәкіртақысы берілді.