Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 қазан 2024тағылымдама

ТИІМДІ ТАҒЫЛЫМДАМА

8D05302- “Техникалық физика” білім беру бағдарламасы, ДТФ 201.1 тобының докторанты Рузия Келсингазина Ұлттық зерттеу ядролық университеті «Мәскеу инженерлік физикалық институты» (ҰЗЯУ «МИФИ»), Ядролық физика және технологиялар институтында (Ресей Федерациясы) ғылыми тағылымдамадан өтті. 

Тағылымдама докторанттың шетелдік ғылыми кеңесшісі, профессор Георгий Валентинович Тихомировтың жетекшілігімен инженерлік компьютерлік модельдеудің ғылыми тобында өтті. Тағылымдамадан өту барысында докторант Монте-Карло әдісімен ядролық энергетикалық қондырғыларды модельдеуге арналған жаңа OpenMС нейтрондық-физикалық кодын игерді, ИГР реакторында ғылыми зерттеулер мен нейтрондық-физикалық есептеулер жүргізді. Докторанттың ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы топтық жұмысты, өзіндік жұмысты, ғылыми семинарларды, сондай-ақ №5 «Ядролық реакторлардың теориялық және эксперименттік физикасы» кафедрасының зертханаларындағы зерттеу жұмыстарын қамтыды. Сонымен қатар, субкритикалық стендтер және Виртуалды шындық зертханасына экскурсия жасалды.  Білім алушы халықаралық ынтымақтастық, бірлескен зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасудың маңыздылығын ұғынып, диссертациялық жұмысына қажетті құнды материалдар мен мәліметтер жинақтап қайтты.

Ағымдағы жылы «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ мен «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті арасында алдағы 5 жылға өзара ынтымақтастық туралы Меморандум ұзартылды.