Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 мамыр 2023түлектер, бас қосты, шәкәрім шаңырағы

ТҮЛЕКТЕР ҚАРА ШАҢЫРАҚТА БАС ҚОСТЫ

Бүгін Шәкәрім шаңырағында Дене шынықтыру және спорт мамандағының 50 жыл бұрынғы түлектері бас қосты. Түлектердің ЖОО-мен және өзара тұрақты байланысын қамтамасыз ету мақсатында өткізілген жиынға университет басшылығы, ардагер ұстаздар мен спорт шеберлері, облыстық спорт басқармаларының басшылары қатысты.
Бұрынғы педагогикалық институтында маманданып, үлкен өмірге жолдама алған кешегі студенттер бүгінде елімізге еңбектері сіңген спорт шеберлері, білім беру саласының үздіктері қатарында. Салтанатты шарада кешегі түлектерге "Дене шынықтыру және спорт" ББ студенттері өнер көрсетті.
Әр университет жұмысының көрсеткіші – бүгінгі түлектері. Түлектердің еңбек жолындағы үздік жетістіктері – университет үшін зор мақтаныш.
Өз кезегінде түлектер дәріс берген аяулы ұстаздарын еске алып, өлең оқып, университеттің бүгінгі күндегі профессор-оқытушылар құрамына, білім алушыларына ыстық лебіздерін жаудырды.
ШӘКӘРІМ мекені әрқашанда өз түлектерімен мақтанады.