Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 тамыз 2024shakarim university

«Ұлы жол - Abai Joly 100 miles» пресс-брифинг өтті

SHAKARIM UNIVERSITY-де “Ұлы жол - Abai joly 100 miles” баспасөз конференциясы өтті.

Ұлы ақын шығармашылығын насихаттау, мұрасын дәріптеумен қатар спорт және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында 2024 жылдың 10 тамыз күні «Семей мен Жидебай» арасында 160 шақырымдық және «Семей мен Бөрілі» арасында 80 шақырымдық ультрамарафондар өткізіледі.

 

Осыған орайда, «Ұлы жол - Abai Joly 100 miles» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті. Аталмыш ультрамарафонға биыл 182 қатысушы тіркелген.

 

«Ультрамарафон Семей қаласындағы «ABAI» халықаралық әуежайының алаңынан басталып, Жидебай шатқалындағы Абай Құнанбаев мұражай - үйінің жанында аяқталды. Марафоншылар 12 сағат ішінде 50 миль/ 80 шақырым қашықтықты және 24 сағат ішінде 100 миль / 160 шақырымды басып өтуі тиіс. Жарысқа қатысуға әр аймақтан 100-ден астам жүгірушілерде өтініш түсті. Барлық жүгірушілердің тәжірибесі бар, олар әуесқойлар үшін ұйымдастырылған бірнеше жарыстарға қатысқан», - дейді “El Sport” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамазан Саттарұлы.

 

Сонымен қатар, акцияның мақсат-міндеттері туралы баяндап, жүгіру жоспарын таныстырды. БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

«Марафон шеңберіндегі 80 шақырымдық «Семей-Бөрілі» бағытындағы ультрамарафон Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойына арналып «Shakarim University-90» деп аталды. Аталмыш марафонға Басқарма төрағасы-Ректор Думан Рымғалиұлы қолдау білдіріп, университет демеушілік жасап отыр. Сонымен қатар марафонға университет әкімшілігі, оқытушы-профессорлық құрамы, білім алушылары қатысып ат салысатын болады»,- дейді Басқарма мүшесі-әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Мерей Ерболұлы.

 

Ал туризм және спорт министрлігі «Спортты дамыту дирекциясы» бас маманы - Асқар Толқынұлы жарыстың еш қиыңдықсыз, жарақатсыз, апатсыз өтуіне тілекші екенін білдіре отырып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Өміріңді сарып қыл өлгеніңше,

Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы