Бүгін Басқарма төрағасы – Ректор Думан Орынбеков Шәкәрім университетінің материалдық-техникалық базасымен атап айтқанда, №2,5 жатақханасын, №5,6,8 оқу ғимараттарын, «Агротехнопарк» ҒО мен жиһаз цехының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Кездесу барысында проректорлар мен декандар университеттің ғимараттарын аралатып, жалпы оқу базасында жүргізіліп жатқан жұмыстардың жағдайынан хабардар етті. Думан Рымғалиұлы өз кезегінде университеттің бүгінге дейін атқарылған жұмыстары аз емес, алдағы жоспары ауқымды екендігін ерекше атап өтті.
Айта кетейік, осы аптада университет ректоры оқу кампустары, спорт кешендері, ғылыми-зерттеу орталықтарымен танысатын болады.