Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 шілде 2022түлектер, диплом табыстау кеші

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ КЕШІ ӨТТІ

Қалаған оқу орнына түсіп, диплом алу — әрбір жастың өмірлік арманы. Бүгін Гуманитарлық-экономика факультетінің білім алушылары білімдерін шыңдап өмірлеріндегі маңызды кезеңге қадам басты.
Университет ректоры Бауыржан Ердембеков болашаққа қадам басып келе жатқан барша бітіруші түлектерге жүрек жарды құттықтау сөзін арнап, қиын сынақтардан сүрінбей, білімдері мен біліктіліктерінің арқасында биіктерді бағындыра беріңдер деген ізгі тілегін білдірді.
Салтанатты кешке университет басшылығы, әлеуметтік серіктестер, профессор-оқытушылар құрам мен ата-аналар және болашақ маман иелері қатысты.
Гуманитарлық-экономика факультеті өзінің білім беру қызметін педагогика, психология, экономика, менеджмент, дизайн, музыка салалары бойынша білікті мамандар даярлайды. Ағымдағы оқу жылында факультетте 3 докторант, 104 магистр, 259 бакалавр бітіріп, оның 94-і үздік диплом иегері атанды.
Болашаққа бағыт алған дарынды түлектеріміз еліміздің білікті, тәжірибелі маманы болсын! Жолың болсын, ЖАС МАМАН!