Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 мамыр 2022шәкәрім оқулары, ашылды

"ҮШ АНЫҚ" КОНФЕРЕНЦ ЗАЛЫ ХАЛЫҚ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде «SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» тақырыбында ұйымдастырылған ауқымды іс-шаралар тізбегі “Үш анық” конференция залының ашылуымен жалғасты.
Шарада "Абай және ұлттық руханият" ҒЗО-ның жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Ақмарал Смағұлова білім шаңырағында атқарылып жатқан жобалар туралы “Абай және ұлттық руханият” атты баяндама оқыды.
Жиында қазіргі қазақ қоғамы алдындағы маңызды мәселе – Шәкәрім айтқан «Ар білімін» оқыту жайлы сөз қозғалды. Осы орайда “Ар ілімін игеру ұлттық болмысымызды сақтап қалудың бірден бір жолы деп білеміз” десті сөз алғандар.
Ғылыми шарада ғалым, шәкәрімтанушы Тұрсын Шаңбайдың идеясымен «Шәкәрімтану мәселелерінің» 6 томы жарық көргенін, заман талабына сай цифрлық технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып Шәкәрім шығармашылығына арналған сайтты іске қосылғандығы айтылды.
Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков өз сөзінде Абайдың, Шәкәрім мен Мұхтар Әуезовтің шығармалары арқылы сомдалған қазақ әдеби тілі қасиетті Семей топырағында өркендегені мәлім. Сондықтан да ұлттық рухқа қатысты дүниелердің Шәкәрім шаңырағында насихатталуы заңдылық екенін алға тартты.
Бауыржан Аманкелдіұлы: “Бүгінде университет мамандықтарында «Абай әлемі» пәні оқытылуда. Абай әлемі арқылы қазақ дүниетанымымен қаруланған болашақ жас маман қай мемлекетке барса да, қанша тілді білсе де, қандай маман иесі болса да қазақи менталитетін жоғалтпайды. Ал жастар ол алған білімді өмірде кәдеге жарата білсе, мақсатымыздың орындалғаны деп бағалар едік. Біз тек білікті маман ғана емес, адами қасиеттерді бойына жиған тұлға қалыптастыруды мақсұт етеміз”.
Сонымен қатар университет ғалымдарының үздік деп танылған еңбектерін «Шәкәрім кітапханасы» сериясымен шығару, заманға сай ыңғайланған, оқырман сұранысын қанағаттандыратын «Абай даналығы» иллюстративті кітабын жарыққа шығару жоспарда екендігі айтылды.
Кәсіби бағдар беру, әсіресе ауыл мектептерімен байланысты нығайту мақсатымен форум Шәкәрім университетінің Абай ауданындағы күндерімен жалғаспақ.