Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі08 тамыз 2023абитуриент, білім беру бағдарламалары

ЕР-ЖІГІТТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Ер-жігіттердің назарына!
Құрметті жастар, Сіздерді Шәкәрім университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» педагогикалық білім беру бағдарлармалары бойынша білім алуға шақырамыз!
Білім ордасы Сіздер үшін 50% жеңілдік қарастырды!
Неліктен Шәкәрім университетін таңдауыңыз керек? Себебі:
- Педагогикалық мамандықты таңдай отырып, сіз ұрпақ тәрбиелеу мәселесінде маңызды рөл атқарасыз.
- Сіз кәсіби тәжірибені әртараптандыруға ықпал етесіз.
- Сіз кәсіби тәжірибені түрлендіруге септігін тигізесіз. Сондай-ақ, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін күшейтесіз.
- Әлеуметтік-мәдени аспектіде сіздің қатысуыңыз балаларға мұғалімнің жағымды бейнесін қалыптастыруға көмектеседі.
- Сіздің білім мен тәрбиеге деген ер-азаматтық көзқарасыңыз педагогикалық тәжірибені, педагогикалық тәсілдердің алуан түрлілігін күшейтеді.
Сіз бала кезінен бастап балаларды оқыту және тәрбиелеу арқылы өз еліңіздің болашағына әсер ете аласыз.
Сізді, яғни, болашақ тәрбиешілерді не күтеді?
Өз өңіріңіздегі тұрақты жұмыс: жаңа мектептер салынуы жоспарлануда.
Кәсіби өсу мүмкіндіктері: ер адамдарды педагогикалық мамандықтарға тарту мансаптық өсу үшін жоғары жағдай жасайды.
Сізді «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген әлеуметтік кепілдіктер қорғайды:
- тұрақты жалақы және басқа да материалдық ынталандыру;
- тұрғын үй, оның ішінде қызметтік және (немесе) жатақхана;
- егер Сіз ауылдық жерде мұғалім болсаңыз, Сізге жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері басым тәртіппен беріледі;
- 56 күнтізбелік күнге жыл сайынғы еңбек демалысы қарастырылады.
Сіз өз еліңізге, киелі Абай еліне керексіз!
Шәкәрім шаңырағы Сізді күтеді!