Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 тамыз 2023чемпион, университет студенті

ЖАЛҒАС ҚАЙРОЛЛА – ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ

Шәкәрім университетінің студенті Жалғас Қайролла Германияның Берлин қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Европа кубогында күміс жүлдеге ие болды.
29-30 шілде аралығында өткен Berlin Junior European Cup 2023 жарысына 29 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысты. Командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді.
Дзюдо күресін әлемдік ареналарда биікке көтеріп жүрген университет мақтанышын кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жалғас біздің ғана мақтанышымыз емес, күллі Абай елінің мақтанышы!
Жеңіс құтты болсын, Шәкәрім шаңырағы!